Денсаулық сақтау

Өңір дәрігерелерінің жетістігі

 

Никос Леонов, “3-ші қалалық аурухана” ШЖҚ КМК жарақат аурулар бөлімшесінің меңгерушісі

– Травматология бөлімшесі бір уақытта 70 адамды қабылдай алады. Жамбас пен сан тұсындағы буындарға эндопротездік жоғары технологиялық ота жасалады. Биыл алғаш рет тізе буынына эндопротездік шеберлік сағатты өткіздік. Жалпы 1 жылдың ішінде орташа есеппен 40-қа жуық эндопротездік ота жасалады.

Бөлімшеде аяқ-қолын, буындарын зақымдаған пациенттердің жарасына пышақ тимейді, буын соны технолияның көмегімен қалыпқа келтіріледі. Науқас 2 тәуліктен кейін аяғына тұрып кетеді. Ергешжан Қадыров кәсіпқой волейболшы. Ол жаттығулардың бірінде тізесін жарақаттап алыпты. Ақ халаттылар отаны пышақсыз, артроскопиялық әдіспен жасаған.

Ергешжан Қадыров, емделуші

Тізем ауырып, 2 апта үйде жаттым. Қатты солқылдап ауырғаны соншалық, аяғымды бүге алмайтын халге жеттім. Маған туыстарым дәрігерге қаралу керектігін айтты. Ауруханада тексеріліп едім, дәрігерлер маған тізе буынының үзілгендігін айтты. Міне, ота сәтті өтті. Қазір өзім ақырындап жүре бастадым. Дәрігерлер бір айдан кейін спортқа қайта оралуға рұқсат берді.

Келешекте дәрігерлер иық буындарына да күрделі ота жасауды қолға алмақ.
Ал мынау гинекология бөлімшесі. Мұнда да алға ілгерілеушілік байқалады. Бала көтергісі келетін кез-келген солтүстікқазақстандық азаматша өз денсаулығын тексерте алады.

Елена Калюжная, “3-ші қалалық аурухананың бас дәрігерінің акушерлік және гинекологиялық қызметі жөніндегі орынбасары

–  Гинекология бөлімшесі 40 орынға шақталған. Біз өңір тұрғындарына шұғыл түрде медииналық көмек бере аламыз. Соңғы екі жылда 65 пациентке жамбас тұсындағы салбырап кеткен бұлшықеттеріне ота жасадық. Биыл тағы осындай 30 ота жасамақшымыз. Сондай-ақ әйелдерде көп кездесетін 1-ші, 2-ші деңгейлі бедеулікті емдейміз. Тағы да жатыр ішінде патологияны, жатыр ісігін емдейміз.

Арнайы емдеуден өткен әйелдер кейін репродукция бөлімшесінің қызметіне жүгінеді. Бұл да 3 аурухананың тағы бір жетістігі. Қалада экстракорпоралдық ұрықтандыру орталығы 3 жыл бұрын ашылған. Содан бері мұнда жасанды жолмен бала сүйгісі келетін 297 жұп тіркеуге тұрыпты. Емделушілерге 12 акушер-гинеколог қызмет етеді. Оның 3-уі гинекология мен акушерлік мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген жоғары білікті мамандар. Дәрігерлер баланың ай-күніне жетіп тууына үлкен мән береді екен.

Елена Калюжная, “3-ші қалалық аурухананың бас дәрігерінің акушерлік және гинекологиялық қызметі жөніндегі орынбасары

– Дәрігерлер білімдерін Мәскеу, Израиль және Алматыда ұдайы жетілдіріп тұрады. Соңғы 2 жылдың ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру бойынша 72 бағдарлама жүзеге асырылды. Нәтижесінде 11 нәзікжанды сау баланы дүниеге әкелді. Репродукция бөлімшесіне көршілес өңірлер мен ресей азаматтары да келіп жатыр.

Репродукция бөлімшесі әлемдік стандарттарға сай соны Израильдік қондырғылармен жарақталған. Сондықтан дәрігерлер келесі жылғы мемлекет квотасына ниет артып, экстракорпоралдық ұрықтандыру әдісін одан әрі жетілдіре түспек.

Берик Касен.