Қоғам

Астана күніне даярлықАстана күніне арналған мереке таңғы сағат 11-де Ағынтай және Қарасай батыр ескерткіші маңынан бастау алады. Бұл жерде өңір актерлары театрландырылған көрініс қояды. Олар қазір дайындықтарын пысықтау үстінде. Бас шаһарымыздың туған күнінде облыс орталығындағы 5 алаңқай жұмыс істейді. Онда балалар, мұғалімдер, әскерилер мен өнер ұжымдарының қатысумен, түрлі сахыналық қойлымдар, флеш-мобтар өтеді. Кейін мерекелік бағдарлама Қазақстан Конституциясы көшесі бойында үлкен шерумен жалғасады. Оған қатысқандар үстеріне түрлі-түсті киім киіп, қолдарына аспан түстес көк байрағымызды ұстап шығады. Шараға шамамен 3500-ге жуық солтүстікқазақстандық тартылған. Сондай-ақ бұл күні балғындарға түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ересектер темір тұлпарларымен қала көшелерін аралайды. Кешқұрым «Пестрое» көлінің жағалауында ашық аспан астында құрылған сахынада эстарада әншілері Бүркіт пен Аиша солтүстікқазақстандықтарға әсем жырдан шашу шашпақ. Концерт түнгі 23-00 де бітіп, аяғы Петропавлда бұрын соңды болмаған ерекше мерекелік от-шашумен аяталмақ. Юрий Милёшин, «Милёшин» ЖК директоры – Мерекелік от шашуға 4 арнайы маман жұмылады. От шашу шамамен жарты сағатқа созылмақ. Көкке шамамен 1 тоннаға жуық пиротехника атылады. Алдын ала құрылған сценарий бойынша әрбір атылған от біріне-бірі ұқсамайтын болады. Бұл күні тұрғындардың тыныштығын ІІД-нің 300-ге жуық тәртіп сақшысы қоғайтын болады. Берик Касен

 

Бас шаһарымыздың туған күнінде облыс орталығындағы 5 алаңқай жұмыс істейді. Онда балалар, мұғалімдер, әскерилер мен өнер ұжымдарының қатысумен, түрлі сахыналық қойлымдар, флеш-мобтар өтеді. Кейін мерекелік бағдарлама Қазақстан Конституциясы көшесі бойында үлкен шерумен жалғасады. Оған қатысқандар үстеріне түрлі-түсті киім киіп, қолдарына аспан түстес көк байрағымызды ұстап шығады. Шараға шамамен 3500-ге жуық солтүстікқазақстандық тартылған.
Сондай-ақ бұл күні балғындарға түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ересектер темір тұлпарларымен қала көшелерін аралайды. Кешқұрым «Пестрое» көлінің жағалауында ашық аспан астында құрылған сахынада эстарада әншілері Бүркіт пен Аиша солтүстікқазақстандықтарға әсем жырдан шашу шашпақ. Концерт түнгі 23-00 де бітіп, аяғы Петропавлда бұрын соңды болмаған ерекше мерекелік от-шашумен аяталмақ.

Юрий Милёшин, «Милёшин» ЖК директоры

–  Мерекелік от шашуға 4 арнайы маман жұмылады. От шашу шамамен жарты сағатқа созылмақ. Көкке шамамен 1 тоннаға жуық пиротехника атылады.
Алдын ала құрылған сценарий бойынша әрбір атылған от біріне-бірі ұқсамайтын болады.

Бұл күні тұрғындардың тыныштығын ІІД-нің 300-ге жуық тәртіп сақшысы қоғайтын болады.

 

Берик Касен