Без категории

Өткенді білмей- болашақты болжау қиын

Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Сондықтан Батыс қазақстан облысынан келген үгіт-насихат тобы аталмыш шайқастағы жеңісті – 1-ші Қазақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні деп есептеу ұсынысын білдіруде. Себебі, Аңырақай шайқасы – төл шежіреміздегі қазақ халқының ауыз біршілігін дәлелдеген, тәуелсіздіктің бастауы саналатын маңызды оқиға. Бұндай кездесулерді 4 топтан құралған насихатшылар еліміздің жер-жерінде өткізіп жүр. Атыраулықтар бастаманы халық қолдаса, билік басындағылар да құп алады деген үмітте.

Ақылбек Дәуітов, “Батыстың жаңашыл белсенділері” ЖҚБ үйлестірушісі.

-Біз бұл туралы ұсынысымызды Мәжіліс, Сенат депутаттарына, одан бөлек мәдениет және қорғаныс министрлігіндегілерге де білдірдік. Біз Қазақстанды аралап шықтық, бірақ қарапайым тұрғындардың пікірі аздық етеді. Сондықтан біз бұл шараға үкіметік ұйымдар мен түрлі қоғамдық ұйымдарды да қатыстырып жатырмыз.

Үгіт-насихат тобының бұл ұсыныс, тілектерін теріскейліктер де ыстық ықыласпен қабыл алды.

Ожан Қали, СҚО құрметті азаматы.

-Бұл соғысты кейбір жастар білсее. енді бірі білмейді.Әлі бұл ашылмаған тарихи дастан. Сондықтан бұл акцияның міндеті осы Аңырақай шайқасын жалпақ жұртқа жариялап, ашып, зерттеп, жастарға түсіндіру. Мұның түпкі мәні бұл қазақтардың жоңғарлармен шайқасы тарихи тәжірибеде ҰОС-мен бірдей дейді. Бұл шайқаста қазақтар жеңіске жетіп, рухын көтерді.

Тарихты білмей, болашқты болжау қиын іс – деген тұжырыммен Қымбат Исманова апамыз да келіседі. Кейуана “Тәуелсіздің бізге тәңірден келген тәтті сый”, бостандықтың қадірін түсіне білуіміз қажет дейді.

Қымбат Исманова, еңбек ардагері, КСРО халық ағарту ісінің үздігі.

– Биыл Аңырақай шайқасының аяқталғанына 284 жыл. Бұл шайқас туралы акцияның жер жерде болып жатқаны өте дұрыс. Өйткені, бізге тәуелсіздік аналардың жасымен, бабалардың қанымен келген келгендігін бүгінгінің жастары білуі қажет. Бұл патриоттық акция мәңгілік ел болуымыз үшін қажет.

Берик Касен.