Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдай

Людмила Сорокотяга- СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы.

– «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 2 млн 607 мың теңге бөлінді. Оған біз осы жерде және Н.Погодин атындағы орыс драма театрында пандус жасап жатырмыз. Бұдан өзге, қаладағы барлық кітапханалар пандустармен жарақталған. Облысқа келер болсақ, М.Жұмабаев және Шал ақын аудандарындағы тарихи- өлкетану мұражайлары осындай құрылғылармен жабдықталып отыр.

Президент еліміз мүміндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз аймаққа айналуы тиіс деп айтқан болатын. Осыған сай өткен жылы мүгедектерге арналған қол жетімді ортаның сақталуы тұрғысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу жұмыстары жүргізілді. Арнайы комиссия құрылып, олар ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты жағдай жасалғанын тексерді. Көптеген мекемелерде арбамен көтерілуге арналған пандустар жоқ. Барының өзі көңіл көншітпейді. Облыс бойынша тексерілген 2585 нысанның тек 3 пайызында ғана қондырғылардың талаптарға сай орнатылғаны анықталды.

Лариса Шерементьева- СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы.

-Қазір өзге де нысандарды жарақтау тұрғысында жұмыстар жасалып жатыр. 2014-2015 жылдарға арналған кесте бойынша осы құрылғылармен нысандар толық қамтамасыз етілуі тиіс. Әзірге, тек жобалық- сметалық құжаттамалары дайындалуда. Бұл әрине мемлекеттік мекемелерге қатысты айтар болсақ. Ал жеке кәсіпкерлік нысандары бұл шығындарды толығымен өздері көтеруі қажет.

Жалпы бүгіндері облысымызда 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, оның 11 мыңы жұмысқа жарамды.

Магжан Ахмадина.