Кәсіпорындар қоршаған ортаға залал келтірген

Қоғам

15:31 2 Шілде 2014

Вячеслав Банковский, СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры.

-Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдары» МКК кәріздік жүйе, сорғылау стансалары мен тазалау қондырғыларындағы ағынды суларын “Омутки” көліне құятын. Бірақ аталмыш көлдегі апаттық жағдайдағы бөгет сыр беріп, қалдық сулар Есіл өзеніне ағып кеткен. Нәтижесінде зертханалық сараптама көрсеткендей, су қоймасындағы фосфат концентратының мөлшері бекітілген нормативтен 2,36 есеге асып кеткен. Салдарынан қоршаған ортаға 1 млн. теңгеден астам шығын келді.

Санитарлық-эпидимиологиялық зертханалық жұмыстың қорытындысы бойынша Есіл өзенінде аммонийдің мөлшері 5,9 есе, темірдің мөлшері 1,07 есеге көп болып шықты.

Вячеслав Банковский, СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры.

-Жалпы құзырлы органдар тексерісінің қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 6 қаулы шығарылды. “Қызылжар су” серіктестігі мен «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдары» кәсіпорындары қоршаған ортаға 6,5 млн. теңгенің шығынын толтыруға міндеттелді.

Табиғатты қорғау прокурорлары жыл басынан бері өңірде 14 экологиялық тексеріс өткізген. Нәтижесінде 270 заңбұзушылық тіркеліп, 60 адам жауапқа тартылды. Олардан қоршаған ортаға келтірілген шығын ретінде 11 млн. теңгеден астам әкімішілік айыппұл өндіріліп алынды.

Берик Касен.

Бұдан әрі оқыңыз

40 жастағы азамат жұмыс орнында жарақат алды
Петропавлда су құбыры жарылды
“Салауатты мектеп” жобасы жүзеге асырылып жатыр
Ирина Сидельникова блокада жайлы
Есіл ауданындағы қар тазалау жұмыстары
Ардагерлер кеңесінің жанынан еріктілер ұйымы құрылды
Шыршалар алынып тасталды
2020 жылға болжам: Тышқан жылы сәттілік әкеледі
СҚО -да сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді
Мектеп оқушылары құстарды қоректендірді
Мемлекет қолдауымен алыстағы ауылдың ажары ашылды
Шаһарда “Эталон меха” көрмесі өтуде