Білім

Бескөлдегі 2-ші орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Көбеген Байдалин – Қызылжар ауданы білім бөлімінің бас маманы.

-Биыл Қызылжар ауданында Бескөл орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған мемлекеттік бюджеттен 54 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 6 млн.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта атқарылып жатқан негізгі жұмыстары сыртқы көріністі дұрыстау және сыртқы терезелер ауыстыру және ішкі жұмыстар.

Білім ошағындағы күрделі жөндеумен “Ассени” және “Севказэнергострой” ЖШС айналысуда. Мердігерлер қажетті құрылыс материалдары жеткілікті дейді.

Марат Дабылбаев – “Ассени” ЖШС шебері.

-Жөндеу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Қарамағымыздағы 22 жұмысшымен қатар, “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша аудан орталығының 17 тұрғыны уақытша еңбекке тартылды. Кестеден ешқандай ауытқушылық жоқ. Нысандағы жоспарлаған істі тамыздың 10-ы күні аяқтаймыз.

Жалпы Қызылжар ауданы бойынша 48 білім беру ошағы бар. Күрделі жөндеу жұмыстары осы мектепте қарастырылған. Ал 9 бастауыш және 14 негізгі мектепте ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толықтай тамамдалған. Қалған 25 орта мектепте бұл шаруалар 6 шілдеге дейін жалғаспақ.

Бақыт Сәдуақасов.