Қоғам

Жұмысшы кентіндегі көпірді жөндеу жұмыстары басталды

Жалпы көпірді қалыпқа келтіру жұмыстарына 567 млн 710 мың теңге бөлініпті. Жөндеуді бастау үшін Оңтүстік Орал темір жолының келісімін алу қажет болды. Енді міне бұл мәселе де шешімін тапқан.

Владимир Озеров- «Мостостройтельный отряд № 25 им. Рязанова А.» ЖШС директорының орынбасары.

– Аталмыш темір жолмен қатынайтын поездар саны көп. Жолаушылар тасымалымен айналысатындары әсіресе, күндізгі уақытта жүреді екен. Сондықтан біз негізгі жұмыстарды түнгі уақытта жүргізбекпіз.

Бүгіндері жұмысшы кентінде 10 мыңнан астам петропавлдық тұрады. Олар үнемі осы жолмен қалаға қатынайтын. Мұндағылар жолдың жабылуы аздаған қиындық туғызып отыр дейді.

Десе де, бүгіндері тұрғындарды мазалап жүрген қатынау мәселесі шешімін тапқан. Көпір арқылы жүретін қалалық қоғамдық көліктер бағыты уақытша өзгерді.

Жанабек Тұрсынов- Петропавл қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы.

-Жұмысшы кентіне 5 бағыт бойынша қалалық қоғамдық көліктер барады. Енді олар Явленка жас жолы арқылы қатынайы. Яғни, ендігі жерде олар «Оңтүстік» бекеті арқылы жүрмек. Саяжайларға апаратын автобус бағыттары да осы жолмен жүреді. Бұл бағыттар жөндеу жұмыстары аяқталғанша бекітілді.

Жалпы қалпына келтіру жұмыстары 9 айға созылады деп жоспаланған.

Магжан Ахмадина.