Балалар

Теріскейлік жас суретшілер экологиялық байқаудан жүлделі оралды

Екатерина Ерофеева – “ЮНЕСКО Клубы” көркемөнер лицейінің оқушысы, байқау жеңімпазы.

-Мен экологиялық суреттер мен плэнер байқауында жеңімпаз атандым. Көпкүндік сайыста біз табиғаттың сұлулығын барынша шебер жеткізуге тырыстық. Солардың ішінде тау мен жайқалған ағаштар бейнеленген туындым қазылар алқасының көзіне түсті. Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Осы байқаудан кейін сурет салуды мықтап қолға алмақпын.

Суреттер байқауына көптеген өнерлі қылқалам шеберлері қатысқан. Олардың ішінде топ жару біз үшін үлкен жеңіс дейді суретші қыздардың оқытушысы.

Айжан Даирова – “ЮНЕСКО Клубы” көркемөнер лицейінің оқытушысы.

-Көпкүндік суреттер байқауында еліміздің ең мықты деген суретшілері қатысты. Біздің шәкірттеріміз үмітті ақтады десем болады. Әрине, оңай болған жоқ. Өйткені күнделікті тапсырмалары тақырыбы жағынан күрделене түсті.

Көпкүндік экологиялық суреттер байқауы жас қылқалам иелеріне мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Олар қаламдарын шыңдаумен қатар Бурабайдың көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік алған.

Бакыт Садуакасов.