Қылмыс

Нәзік жандылардың ақшасы мен алтын алқасын қолды етіп жүрген баукеспе ұсталды

Ильдар Мухамедьяров, Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі.

– 26-шы маусымда теңертеңгілік уақытта күдікті 84 жасар қарияның қалтасындағы 20 мың теңгесін қолды қылған. Және дәл осы күні түскі уақытта тағы бір бұрымдының 250 мың теңге тұратын алтын алқасын ұрланды.

Бұл көшеде адам көп жүре бермейді. Осыны пайдаланған күдікті өз нысанасына жалғыз өтіп бара жатқандар нәзікжандыларды алған.

Ильдар Мухамедьяров, Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі.

– Тонаушылықты кәсіп еткен азамат келесі күні зейнеткер әйелдің құлағындағы сырғасын шешіп алып, қашып кеткен. Бүгінгі таңда сезікті өзінің жасаған істерін толығымен мойындады.

Алтын бұйымдарды қарақшы ломбардқа өткізген. Олжалаған ақшасын ішімдік пен темекі сатып алуға жұмсаған. Баукеспе 1 айдан бері жұмыссыз жүрген едім, көңіл көтерудің қамында осындай жолға түстім деп ақталуда. Бұған дейін нашақорлығы үшін сотталған азамат уақытша ұстау абақтысына жабылды. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сезіктінің кінәсі дәлелденсе ол 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Ахметова Бану.