МТРА жаңалықтары

Оқушылар мен студенттер пікір-сайысқа түсті

Бекарыстан Аманжолов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті, Астана қаласы.

 

-Жалпы біздің елде осы күні 30 мыңға жуық пікірсайысшы бар.

Жер-жерден жиналған қыз-жігіттер пікір-сайыс дебатында оңай шағылатын жаңғақ еместігін көрсетіп бақты. Әркім осы сайыста өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу үшін әр тақырыпқа тыңғылықты дайындалыпты. Аяулым Төлеубек Семей қаласынан келді. Бойжеткенді бүгін қазақ тілі мәселесі көбірек толғандырады. Студент дебатқа мектеп қабырғасынан бері қатысып жүр.

Республикалық пікір-сайыс турнирі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ. Сәйкесінше, оның деңгейі де жыл санап жоғарылай бермек дейді ұйымдастырушылар.

Дастан Дәлелханов,”Студенттік өзін-өзі басқару және дамуының одағы” корпоративтік қоры атқарушы директорының орынбасары.

-Пікірсайыс турниріне қатысушылар жоғары деңгейде дайындалып келді. Турнир аясында Британдық Парламентінің дебат форматында көрсеткіш ойын өткізіледі. Оған барлығы қатысады. Алғашқы сынақтан сүрінбей өткенде Линкольн Дуглас форматында нағыз пікір-сайысшы екендіктерін танытуға тырысады. Мысалы, 10 қарардың 7-еуі белгілі болса, 3-уі белгісіз болады.

Жалпы бұл додаға 32 құрама қатысты. Пікір-сайыста жеңімпаз атанған командаларға жалпы 1 млн. 350 мың теңгені құрайтын жүлде қоры тігілген.

Берик Касен.