МТРА жаңалықтары

Жылу есептегіш құрылғысын орнатудың тиімділігі зор

Анатолий Мишин- Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі.

-2013-2014 жылдары біз жылу құралдарын орнатқан 173 үйді алып, зерттедік. Тариф бойынша есеп айырысатындар әр шаршы метр үшін 87,41 теңгеден төлегенде, құрылғысы барлар 62,99 теңгеден берді. Сондықтан бұл шараның тиімдігілі зор.

Кездесуге келген астаналық меймандар құрылғыларды орнатудың тиімділігін айтуда. Сонымен қатар жиында жылу есептеу құралдарын қаржылай лизингке орнату мәселесі де кеңінен талқыланды. Осыдан соң жиналғандар жылу құрылғысы қойылған Жамбыл көшесі бойындағы 127 үйге барды. Мұндағылар қондырғыны 2013 жылдың желтоқсан айында алыпты. Петропавлдықтар оның тиімділігі зор деп отыр.

Татьяна Иванова- үй тұрғыны.

– Биыл пәтерлеріміз өте жылы болды. Төлем жағына келер болсақ, ол да шамалы болсын төмендеді. Әрине жылу үшін мүлде аз төйлеміз деп айта алмаймын. Бірақ өзіміз тұтынатын деңгейде ақы алынады. Ең бастысы пәтер іші жылы.

Елімізде жылу есептеу құрылғыларын орнату үшін республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның арқасында 10 мыңнан астам көпқабатты үй құралмен қамтылмақ. Ал орнатылған жылу есептегіштердің құны тұрғындар арасында 4 жылға бөлінеді.

Төребек Жөнтірбаев- ҚР Өңірлік даму миниістірлігі ТКШ департаменті директорының орынбасары.

-Бөлінген қаражатқа еліміздегі жылу есептегіш құрылғылармен қамтылған үйлердің 50 пайызын қамтимыз деп отырмыз. Сіздердің өңірлеріңізде монополистер өтініш жасайды. Тек содан кейін ғана біз жұмыстарды бастаймыз.

Ал мынау Хименко көшесі бойындағы 2-ші үй. 400 пәтерлі баспана тұрғындарына астанадан келген меймандар жылу есептегіш құрылғыларын орнатудың тиімділігін түсіндірді. Бірақ мұндағылар әлі құралды алуға даяр емес екендіктерін білдірді.

Магжан Ахмадина.