МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласында “Жастар нашақорлыққа қарсы” акциясы өтті

 

Иван Гнусин – сайыс жеңімпазы.

– Қатысуға шақырған соң шықтым. Жеңімпаз атандым. Өте қуаныштымын. Осындай акцияларды қолдаймын.

Қала тұрғындарын Росси есімді неміс овчаркасы кинологтың көрсеткен пәрмендерін орындап, өз өнерімен тәнті қылды. Келесі кезекте қарулы қылмыскерді ұстау қойылымы ұсынылды. Қылмыскерде қару мен тұтқын болғандықтан тәртіп сақшылары оқ жаудырмай төрт аяқтының көмегіне жүгінді. Бұл сында да ит – адамның досы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты.

Одан кейін қаланың жастарыесірткісіз өмір сүрудің қандай ғажап екендіктерін іспен көрсетті.

Данияр Найкин, Петропавл қаласы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы.

– Бүгінгі күні, яғни 26 маусым – халықаралық есірткімен күрес күні. Біз СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы әр түрлі жастар ұйымдарымен бірігіп осындай іс-шара өткізудеміз. Бұл шараның басты мақсаты жастардың қоғамын есірткіге қарсы, яғни салауатты өмір салтын насихатту. 2014 жылдан бастап есірткі бизнесіне қарсы 65 қылмыстық іс қозғалып жатыр. Заңсыз айналымнан 145 кг. есірткі заты тәркіленді оның ішінде 2 кг. 200 гр. героин есірткі заты.

Кішкентай балалар да назардан тыс қалмады. Оларға арналып сурет көрмесі ұйымдастырылды. Кішкентайлар қиялдарындағы бақытты өмірді қағаз бетіне түсірді.

Оған қоса алаңда облыстық наркологиялық орталықпен СПИД орталықтарының мамандары қызмет көрсетті. Кез-келген адам өзін мазалап жүрген сұраққа жауап ала алды.

Риат Шони.