МТРА жаңалықтары

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының атқарған жұмысы талқыланды

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі.

-Елбасының қоғамдық институтты құрудағы мақсаты көп ұлтты елімізде халықтар арасындағы достықты нығайту болатын. Бүгінде оны барша қазақстандық құптап отыр. Оған тәуелсіз қазақстанымыздағы бейбітшілік дәлел. Халықтар достығын одан әрі нығайту, сіздермен біздірдің ортақ міндетіміз.

Бүгінде облыстық ассамблеяда 23 этно-мәдени бірлестік жұмыс істесе, аудандардағы олардың саны 104-ті құрайды. Қоғамдық институттың бүгінде атқарып жатқан жұмыстарынан жиынға қатысушыларды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов құлағдар етті.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Облыстық ассамблеяның кеңесі 25 адамнан тұрса, аталмыш институтқа біздің өңірімізден 15 адам мүшелік етеді. Сондай-ақ біздегі ассамблея жұмысына жетекшілік етуде арнайы ғылыми-сараптамалық топ жұмыс істеуде. Оған ғалымдар, атқарушы билік пен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мүшелік етеді. Халықтар арасындлағы достықты нығайтуда атқарылып жатқан іс-шаралардың барлығын солармен ақылдаса отырып бекітеміз.

Жиын барысында сөз алған ассамблея мүшелері, бүгінгі күні шешімін күткен бірқатар мәселелердің шетін көтерді. Солардың бірі өңіріміздегі қазақ тілінде дәріс беретін мектептердің санын арттыруға қатысты болды.

Халықтар арасындағы достықты нығайту тұрғысында облысымызда ұлттық өркендеу мектебі жұмыс істеуде. Жиынға қатысушылар оның жанынан дәл осы бағыттағы балабақша ашылса дегенде ой тастады ортаға

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі қоғамдық институттың бүгінгі атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Ерік Сұлтанов ассамблея мүшелерін өңірімізде қазіргі күні ең өзекті деп танылған мәселелердің шешілу барысынан да құлағдар етті. Атқарылып жатқан істердің барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Шаймерденов Самат.