МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавлдағы ет, сүт және кондитер өнімдер өндіретін жалпы саны 9 кәсіпорынды аралады

Марина Папова, “СБИ Агро” ЖШС директорының міндетін атқарушы.

-Кәсіпорын 99 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Негізінен 1,2 санаттағы ет түрлерін шығарамыз. бізде 4 ірі цех жұмыс істейді. Жылқы, ірі қара мен шошқа еттерін бордақылайтын өз алаңымыз да бар. Мекемеде 94 білікті жұмысшы еңбек етеді.

Кәсіпорын толық қуатында 10 тонна өнім шығарады. Бірақ қазіргі сұранысқа байланысты тәулігіне 2,5 тонна өнім өндәрумен ғана шектеліп отыр. Бүгінде тауарларын қалада ғана саудалауда. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов цехтарды аралап, өнімдерді Ресей нарығына шығару керектігін айтты.

Кейін өңір басшысы “Богатырский продукт” ЖШС-інде болды. Кәсіпорын макарон өнімдерін өндіреді. Жыл басынан бері 44,9 млн. тг-нің өнімін шығарған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11%-ға ұлғайыпты. Өнімдері Қазақстанның барлық аймақтары мен РФ нарығының сұранысына ие.

Ал мынау “Масло-Дел Петропавл” ЖШС-гі . Кәсіпорында 263 адам еңбек етеді. Орташа айлық жалақылары 81 мың теңгенің маңайында. Өнімдерін тек Қазақстан нарығына ғана шығарады екен. Мұндағылар облыс әкіміне болашақта қойытылған сүтті шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Ерік Сұлтанов кейін “Казмяспродукт” ЖШС-не барды. Мұнда да ет өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіріледі. Мекемеменің жеке меншік бордақылау алаңы бар. Қазірдің өзінде өндіріс ошағы жылына 860 тонна өнім шығарады. Биыл 5 айда 483 млн. тг-нің тапсырысын орындаған. Өнімдерін ел нарығына және РФ-ның Омбы, Челябі қалаларына тасымалдайды.

Сондай-ақ облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің сүт зауытының мүмкіндіктерімен танысты. Бүгінде жергілікті зауыт қауқары өңір мектептерін, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік мекемелерді және облыс халқын табиғи таза өніммен қамтуға жеткілікті.

“Петропавл кондитер” ЖШС 100-ге жуық аталымдағы өнім түрін шығарады. Қазақстан өнеркәсіптері арасында өтетін байқауларда өнімдері үздіктер қатарынан көрініп жүр. Айына 80 тоннадан астам печенье, тоқаш өндіреді. Кәспорын өткен жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясындағы мемлекет қолдауын пайдаланыпты. Петропавлдық кәсіпкер бағдарламаға жүгініп, 109 млн теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жақсартып алған. Жылына 30 тоннаға жуық өнім шығарады. Кедендік одақ аясында Ресей нарығына еркін енген. Енді серіктестер табылса, Белорус нарығына шығуды көздеп отыр.

Ерік Сұлтанов “ТНС-Экспорт” ЖШС-гіне соқты. Мынау астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы 120 мың тонна болады. 2 айдан соң астық ору науқаны басталады. Өңір жетекшісі серіктестік басшысына жауапты науқанға жақсы дайындалу қажеттігін ескертті.

“Нанинвест кондитер” ЖШС 20 аталымдағы бидай өнімдері мен тоқаштың 25 түрін шығарады. Цех толық қуатында жұмыс істеп тұр. Тәулігіне 25 тоннадан астам өнім шығарады.

Сұлтан диірмен-макарон кешенінде облыс әкімі экспорт көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Идрис Картал, “Сұлтан ЭДМК” АҚ бас директоры.

-Кәсіпорын 18 жыл тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Макарон ассортиментін ұлғайтуды көздеп отырмыз. 2013 жылы 27 мың тонна өнім шығардық. Оның 25 пайызын шет елге экспорттадық. Біз қазір Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия елдерімен тығыз әріптестік орнаттық. Жақында Қытай нарығына да шығу мүмкіндігі туды.

Берик Касен.