Ауа райы

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен облыс әкімі құттықтады

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

– Құрметті журналистер кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгін облысқа жаңа басшы ретінде менің сіздермен жұмыс істеп жатқаныма 1 ай болды. БАҚ өкілдері әр дайым облысымыздың қайнап жатқан өмірінен баршамызды хабардар етеді. Бұл оңай жұмыс емес. Үлкен жауапкершілік пен шығармашылықты қажет етеді.

Кәсібіи мерекеде бірқатар әріптестеріміздің еңбегі еленді. Муниципалдық телеарнасының шеф- редакторы Халия Жолдаспаева аймақ басшысының құрмет грамотасына ие болды.

Қазақ радиосының меншікті тілшісі Ербақыт Амантай аймақ басшысының алғыс хатына ие болды.

5 журналсит облыс әкімінің сыйақысын алды. БАҚ өкілдері өңірде болып жатқан оқиғалардың арасында біте қайнап жүреді. Ерік Сұлтанов шешімін күткен мәселелердің көп екенін айтты.

Оларды билікке жеткізуде тілшілердің атқаратын еңбегі зор.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

– Облыста проблемалар жеткілікті. Көлік жол мәселесі, балабақшалар жеткіліксіз. Жуық арада үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасының екінші бағыты аясында жауапты жобаларды қолға алмақпыз. Бұл жайындағы жаңалықтармен біз сіздермен жақын арада бөлісетін боламыз.

Жиын соңында облыс әкімі Ерік Сұлтанов журналистердің жағымды жаңалықтары көп болсын деді.

Ахметова Бану.