МТРА жаңалықтары

Жылу есептегіш құрылғыларын орнатқан қалалықтар 130 млн. теңгеге жуық қаражаттарын үнемдеген

Нелла Бабакехян, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаметі басшысының орынбасары.

– Жылумен қамту маусымының қорытындысы бойынша біз жылу энергиясын есептеу құрылғысын орнатқан тұрғындардың көрстекіштерімен танысуды ұйғардық. 173 үйді сараптағанда үйлердің 92%-ы 1 шаршы метрге 80 теңгеден аспайтын соманы төлегені анықталды.

Николай Куликов – 23 жыл бойы Батыр Баян көшесі, 26 мекен жайындағы “Қазақстандық” пәтер иелері кооперативіне төрағалық етіп келеді. Жылумен қамту маусымына бұл үйдегілер жыл сайын жаз келісімен қамданады. Бұл шаралар қысты апатсыз өткізіп, жылу үнемдеуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Бұл үйге жылу энергиясын өлшеу құрылғысы 2 жыл бұрын орнатылыпты. Тұрғындар қыс уақытында қаржының үнемделетінін бірден байқаған.

Есептегіш құрал бойынша төлеудің тиімділігін барлығы 159 үйдің тұрғындары мойындады. Тек, нақты үнемділікке қол жеткізу үшін, қысқа дайындық шараларын уақтылы жүргізіп, подъездерді жылытып, құбырларды қаптау қажет.

Сергей Худяков, ПИК ассоциациясының төрағасы.

– Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, барлық көпқабатты үйлерге жылу өлшегіш құралдары 2 жылда орнатылуы тиіс. Баспаналардың жартысы арнайы құрылғылармен 2014 жылы қамтылса, 2015 жылы бұл жұмыстар толық аяқталады. Статистикалық мәліметке сүйенсек, есептегіш құрал орнатқан тұрғындардың соңғы 2 жылдың ішінде жылуға кеткен шығындары орташа есеппен 15-18%-ға қысқарған.

Бүгінде қалада арнайы жоба қолға алынған. Оның негізінде тұрғындар есептегіш құрылғының құнын бір жыл ішінде бөліп төлей алады.

Анатолий Мишин, СҚО әкімінің кеңесшісі, СҚО құрметті азаматы.

– Қаламыздағы коммуналдық жүйелердің барлығында дерлік есептегіш құралдар орнатылған. Мысалы, бүгінде газ бен суға нақты пайдаланға көлем үшін есеп айырысамыз. Ендігі кезекте, жылу өлшегіш құрылғыларды орнату керек. Бүгінде қаладағы үйдердің 30%-ы нақты пайдаланған жылу мөлшерінің ақысын төлейді.

Қазіргі таңда жылу энергиясын өлшеу құралдары Петропавл қаласындағы 173 көпқабатты үйде орнатылған.

Риат Шони.