МТРА жаңалықтары

“Петропавл жылу желілері” ЖШС өткен жылды қорытындылады

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінш орынбасары, бас инженер.

 

-“Петропавл жылу желілері” кәсіпорнының мамандары облыс орталығындағы ескірген құбырларды алмастыру жұмыстарын жалғастырауда. 2013 жылдың өзінде инвестициялық бағдарлама шеңберінде 70 млн. теңгеге жылу трассаларын қайта жөндеуден өткіздік. Нәтижесінде Жамбыл көшесіндегі 5-ші жылу магистралінен бастап, Ярослав Гашек көшесі 3-ші жылыту бекетіне дейінгі құбырлар жаңартылды. Оған қоса 2 насос стансасында кабель желілері төселіп, жаңа электр құрылғылары сатып алынды.

Сондай-ақ былтыр энергетиктер бірқатар құбырларды Еуропалық қайта құру және даму банкінен алынған 628 млн. теңгеге ауыстырған. Биыл да бұл жұмыстар жалғасатын болады дейді олар. Отырыста облыс орталығындағы көпқабатты баспаналардың алдағы қысқа әзірліктері де қаралды.

Қуандық Кеңесбаев – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас директоры.

-Көбіне, тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету тұтынушылардың өз үйлерін қысқа қаншалықты даярлайтындығына байланысты. Мысалға, өткен жылыту маусымы қарсаңында қалалық мекемелердің 38-і қысқа әзірліктері жөнінде акті алды, ал тұрғын үйлердің 60 пайызында ғана ішкі жылыту желілерін жуу-шаю жүргізілген. Яғни, араларында қысқа қамдануды елемейтін қалалықтар баршылық. Алдағы жылыту маусымында осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін біздің кәсіпорын қызметкерлері қазірден бастап түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатыр.

Кейін жиынға қатысқандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Барлық сұрақтарға энергетиктер тұшымды жауап қайтарып, тұрғындардың кей өтініштерін өз бақылауларына алатындықтарын жеткізді.

Бакыт Садуакасов.