Облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті

Аптадағы маңызды жаңалықтар

15:33 26 Маусым 2014

Бүгіндері облысымызда 2000-нан астам спорт нысаны жұмыс істейді. 300-ден астам солтүстікқазқстандық ұлттық құрама сапында өнер көрсетуде. Өңір басшысы Ерік Сұлтановты, әсіресе велосипед спортындағы жетістіктеріміз қызықтырды. Сондықтан, облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Кездесу барысында білікті жаттықтырушы мамандар мен спорт алаңдарының жетіспеушілігі сияқты өзекті мәселелер де көтерілді.

Руслан Есеналин- СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

-Спорттағы жетістіктермен қатар, бізде шешімін табуды қажет ететін мәселелер де жетерлік. Солардың бірі – бөлінген қаржының аздығы. Көбінде қаражат кей спорт нысандары мен клубтарды тиісті деңгейде ұстауға жеткіліксіз болады. Екіншіден, спорт алаңдары шамалы. Бұл мәселені шешу үшін қазір бізде спорт алаңының құрылысы басталды. Сонымен қатар бүгіндері білікті мамандар тапшы. Жаттықтырушыларға берілетін жалақы мөлшері төмен, сондықтан ондай қызмет көбіне жас, білікті мамандарды қызықтырмайды. Көпшілігі кетіп қалып жатыр.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин «Ақ бидай» облыстық ойындарына дайындық барысына да тоқталды. Аталмыш жарыстар шілденің 10-ы мен 13-ші аралығында Ғ.Мүсірепов ауданының орталығында өткізілетін болады. Спорттың 14 түрі бойынша өткізілетін жарыстарға 1500-ге жуық солтүстікқазақстандық қатысады деп жоспарланған. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов аталмыш спартакитадаға жастарды барынша тарту қажеттігін ескертті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

– Аталмыш ойындарды тиісті деңгейде өткізуді тапсырамын. Бұдан өзге жастарды, мектеп оқушыларын бұқаралық спорт түрлеріне қатысуға шақыру қажет. Сізге бұл жұмыстарды қолға алуды тапсырамын.

Бұдан кейін теріскейдегі ақпараттық саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына арналған жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар туралы да баяндалды. Бүгіндері мемлекеттік тапсырысты 32 облыстық және аудандық газеттер, 3 телеарна мен 5 республикалық БАҚ орындауда. Ішкі саясат басқармасы «Отау- ТВ» спутниктік телехабарларды тарату жүйесінің таралу аумағын кеңейтуге ақпараттық қолдау көрсетуде. Бұл ретте өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов аталмыш жүйені өңірде дамытуды мықтап қолға алуды қадап айтты. Кейін басқарма басшысы алдында тағы бірнеше тапсырмаларды жүктеді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Елбасының жолдауын насихаттау жөніндегі ақпараттық топтардың қызметін жандандырып, күшейту қажет. Онымен қоса әрбір ведомствоның, аудандардың сайттарына баса назар аудару қажет. Басқарма басшылары мен әкімдер кез-келген сауалға уақытылы жауап беруі тиіс. Күн сайын ондағы жаңалықтарды, тұрғындардың бұйымтайларын, шағымдарын қарастырып отыру дағдыға айналуы керек.

Кейін өңірде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңды іске асыру барысы жөнінде сөз қозғалды. Баяндама жасаған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспановтан өңір жетекшісі бұл шаруаның аудандарда қалай жүргізіліп жатқандығын сұрастырды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Аудандардағы жағдайларды қалай тексересіздер. Нәтиже қандай?

Кемел Оспанов- СҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

– Әр ай санйы тексеріс жұмыстарын жүргізіміз. Кейін қателіктер анықталса, түзетуге 1 ай уақыт береміз.

Мұнымен қоса, басқарма тарапынан ай сайын шығыс және кіріс құжаттарына мониторинг жүргізіліп отырады. Ақжар, Жамбыл, Тайынша және Петропавл қаласында кіріс құжаттарының үлесі орта облыстық көрсеткіштен төмен болып шыққан. Басқарма мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге жарнамалардың, көрнекті ақпараттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерін бекітіп беруде әдістемелік көмек көрсетеді екен. Сонда да, тисе терекке тимесе бұтаққа деп көрнекі ақпараттарды қате жазып қоятандар саны азаймай тұр дейді басқарма басшысы.

Кемел Оспанов- СҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

-Кәсіпорындармен түрлі дөңгелек үстел, шаралар өткізгенімен, кейбіреулерінде әлі де болса стилистикалық, грамматикалық қателіктер кездесіп жатады.

Магжан Ахмадина.

Бұдан әрі оқыңыз

Бұлақ ауылындағы экологиялық жағдай
“Якорь құс фабрикасы” серіктестігінде жаңа корпус іске қосылды
Емдеу мекемелері біріктірілуде
Облыстық әкімдіктің отырысы өтті
Түлектерді жұмыспен қамту сылбыр жүргізілуде
Тұрғындардан мекенжай анықтамасы талап етілмейтін болады
Омбыда өткен ынтымақтастық форумының нәтижелері
“Nur Otan” партиясы фракциясының отырысы өтті
Қоғамдық көлік мәселесі шешіле ме?
Университеттің статусы өзгерді
Көлік салығына қатысты сұрақтар талқыланды
Облыс әкімі Тайынша ауданының тұрғындарын қабылдады