МТРА жаңалықтары

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші жерде қалмады

Олардың қосымша көлік пен ұйымның ауласына тас жол төсеу туралы өтініштері жерде қалмады. Облыс әкімнің тапсырмасы бойынша ғимараттың маңы екінші күні-ақ абаттандырылса, міне енді қоғам өкілдеріне жаңа темір тұлпардың кілті табысталды.

ВАЛЕНТИНА ЗАБОРОВСКАЯ – ҚАЛАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ.

-Облыс әкімінің қолдауы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Ендігі өзіміздегі іс-шаралардың барлығын осы аулада өткізе алатынымыз қуантады.

Қалалық мүгедектер қоғамы 2009 жылы құрылған. Алғашында олардың иелдегінде жалғыз Газель көлігі ғана болатын. Бүгінгі таңда, мүгедектердің мұқтажына 4 көлік қарастырылған. Облыс әкімінің сыйлығы тағы бар. Көліктердің барлығы арнайы құрылғылармен жабдықталыпты. Әлеуметтік такси қызметін 1-2 топтағы мүгедектер мен ҰОС ардагерлері пайдаланып жүр.

ВЛАДИМИР КУЗНЕЦОВ – ЖҮРГІЗУШІ.

-Бүгіннен бастап қызмет көрсететін жерлестеріміздің тізімі біршама кеңейеді. Бұрындары өздігінен жүріп-тұра алмайтын тұрғындарды тасу үшін олардың арбасын жинап бөлек салатын болсақ, қазір бұл мақсаттарға арнайы көліктеріміз бар. Жалпы айтқанда жаңа көлік бізді де, мүгедек жандарды да қуантып отыр.

Жалпы облыста 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, оның 11 мыңы жұмысқа жарамды. 6700-і мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылған, өзгелері де қол қусырып отырған жоқ, бүгінде түрлі оқуларға жіберіліп, біліктілігін арттыруда.

Самат Шаймерденов.