Білім

Жергілікті жоғарғы оқу орны талапкерлерді шақырады

Ян Урбанс- Словения.

-Мен Словениядан келдім. Көктем кезінде маған осында келу туралы ұсыныс жасады. Мен қазір диплом жұмысын жазып жатырмын. Сондықтан осында алған білім мен тәжірбиемді жұмысты жазу барысында қолданып жатырмын. Өйткені бізде студенттер еркін құрылғыларды қозғап, жұмыс істей алмайды. Ал теориямен тәжірбиені үнемі ұштастырып отыру қажет.

Эмна Омар- Тунис.

-Маған осы бағдарламаға қатысып, шетелде оқу туралы ұсыныс жасады. Кейін елдер тізімін көрсетті. Мен Қазақстанды таңдадым. Кейін интернет арқылы ондағы ЖОО танысып, білім ошақтарының базасын байқадым. Маған осы оқу орны ұнады. Жалпы бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Қазіргі күні инжеренлік- техникалық сала жақсы дамуда. Сондықтан менің меңгергенім – бүгіндері сұранысқа ие мамандық деген ойдамын. Жұмыспен қамтуда мәселе туындамайды.

 

Өткен жылы факультеттегі аспап жасау мамандығы халықаралық акредитациялаудан өтіпті. Ол мұнда оқып жатқан студенттер алдында үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.

Райхан Имамбаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ инженерлік-техникалық факультетінің деканы.

-Инженерлік-техникалық факультетте негізінен тұрмысқа қажетті мамандықтар бойынша мамандар даярланады. Ол машина жасаушылар, транспорт, құрылысшы және электроэнергетиктер. Бізге солардың барлығы қажет. Бүгіндері жастар әсіресе экономика, заңгер мамандықтарына барады. Бірақ техникалық мамандықты бітіргендер қазір үлкен сұранысқа ие.

Факультеттің зертханасында студенттер түрлі тәжірибелер өткізеді. Айталық мынау, радиоинженерлер жасап шығарған робот. Оған тек ақшыл түстерді тануға ғана арналған бағдарлама орнатылыпты. Соның арқасында оптикалық құрылғы орнатылған техника қара түстерді айналып өтеді.

Жалпы оқу ордасында жастардың сапалы білім алып, өздерінің дипломдық, диссертациялық жұмыстарын жазып шығуға бар жағдай жасалған.

Магжан Ахмадина.