МТРА жаңалықтары

Республикалық сарапшылар Петропавлдағы ХҚКО-ның жұмысына оң бағасын берді

Қайсар Нығметов, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жобалар мен бағдарламаларды бағалау басқарамасының басшысы.

 

-Мұнда біз мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынатын оперциялық залды көрдік. Онда кеңестер халыққа жақсы түсіндіріледі екен. Қызметшілер де халықпен жақсы жұмыс жасайды. Оның бәрі сырт жақтан байқалып тұр. Міне мына стендте мемлекеттік қызмет түрлерінің тізімі жазылып қойылған. Материалдық жабдықталуы ойдағыдай. Сондықтан сіздердің қалаларыңыздағы халыққа қызмет көрсету орталығына ешқандай мін таға алмадық.

Петропавл қаласындағы ХҚКО-на күніне мыңға жуық адам келеді. Мұнда тұрғындарға барлық жағдай қарастырылған. Өткен жылы 7 орындық “өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы” ашылған. Бұл жерде тұрғындардың кез-келгені электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, өзіне қажетті құжатты небары 15 минуттың ішінде басып шығара алады.

ХҚКО-ның мамандары бұл орталық арқылы көрсетілетін қызметтердің бір парасы ғана, алдағы уақытта олардың қатары тағы толығатын болмақ дейді.

Берик Касен.