МТРА жаңалықтары

“Сбербанктің” жұмысшылары спорттың 9 түрінен сайысты

Александр Камалов – “Сбербанк” АҚ ЕБ басқарма төрағасы.

-Сбербанкиада – бұл біздің ұжымдық Олимпиада ойындары іспеттес. Бір жағынан қарағанда, олимпиада мен банкирлерді бір-бірімен ештеңе байланыстырмайды. Десе де, банкте еңбек ететіндер сапалы қызмет көрсетуі үшін, тынығып, спортпен шұғылданулары керек. Екінші жағынан, спорт қандай да бір жетістіктерге жетуді көздейді, банктік бизнес те жетістіктің бір түрі. Сондықтан, бұл шараның маңызы орасан, қызметкерлеріміз денелерін шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстана бастайды деген ойдамыз.

Әр қызметкердің жеке көшбасшылығы, сонымен қатар ұжымдағы ұйыған бірлік – Сбербанкте жоғары бағаланатын негізгі құндылықтардың бірі. Бұл сайыстарда әр қаржыгер өз күшін байқап, мінезін шыңдап, құрамасына жанкүйер бола алды. Бастысы – көңілдерін көтеріп, тынығып, шарадан күш-қуат жинап қайтты.

Павел Юхименко – Петропавл қалалық “Сбербанк” АҚ жетекші маманы.

-Бұл сайыстарға ұзақ дайындалдық, басталатын уақытын тағатсыздана күттік. Сбербанкиаданың деңгейі жоғары, өйткені, барлық филиалдардан мықты деген банкирлер қатысуда.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Петропавл, Көкшетау, Павлодар және Қостанай қалаларындағы сбербанк филиалдарының “Солтүстік” құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын оңтүстікқазақстандық құрамаға бұйырды. Ал үздіктер үштігін алматылық филиал тұйықтады. Енді жүлдегер банк қызметшілері күзде өтетін халықаралық сбербанкиадада бақтарын тағы бір мәрте сынайтын болады.

Шохтыбаева Гульмира.