МТРА жаңалықтары

Облыста арнайы сарапшылар тобы жұмыс істеуде

Абзал Бозабаев – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы.

-Үш күн бойына арнайы құрылған мобильдік топ сіздердің қалаларыңызда бірқатар мемлекеттік мекемелердің жұмыстарын тексеріп, қызмет сапасын бағалайтын болады. Анықталған кемшіліктер бойынша кейіннен арнайы тұжырымдама қабылдап, оны барлық мемлекеттік органдарға жіберетін боламыз.

Ұлт көшбасшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруды міндеттеген болатын. Ондағы мақсат – халықты қандайда бір құжат рәсімдеуде кездесетін қиындықтар мен қағазбастылықтан арылту. Арнайы құрылған сарапшылар тобы үш күн бойына осы олқылықтарға баса мән бермек. Оның барысында қызмет көрсету мен қажетті қызмет түріне мұқтаж жандармен кездесулер өткізу де жоспарланған.

Абылайхан Оспанов – халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электрондық қызметті дамыту департаментінің директоры.

-Біз қажетті құжат рәсімдеудегі тізімді саралап, олардың санын азайту тұрғысында нұсқама береміз. Бұқараның халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына берер бағасын да назарға алатын боламыз.

15 адамнан тұратын аталмыш мобильдік топ өзімізде де құрылған. Оған үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері мүшелік етеді.

Владимр Дудов – СҚО әкімі аппаратының жетекшісі .

 

-Мұндай жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасының арттыруына жол ашары анық. Бұл міндет Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында да кеңінен көрініс тапқан болатын. Оны мүлтіксіз орындау – мемлекеттік қызметшілердің тікелей міндеті. Ол бұқара үшін қажет.

Біздің өңірімізден кейін республикалық сарапшылар тобының жұмыстары Шығыс Қазақстан облысында жалғаспақ.

Шаймерденов Самат.