МТРА жаңалықтары

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік мекемелердің жұмысын бағалауда

Гүлнар Смайылова – ҚР БҰҰ дамыту бағдарламасының менеджері, Астана қаласы

-Қоғамдық бағалау – Елбасының жарлығына сәйкес жүргізілуде. Онда үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдардың жұмысын бағалап, өз ойларын Президент әкімшілігінің қорытынды есебіне енгізу құқығына ие деп көрсетілген. Аталмыш салаларда кездесетін кемшіліктерді оңалтуда мұндай бақылаулардың пайдасы бар деп ойлаймыз.

Мемлекеттік органдар жұмысын зерттеу және олардың тиісті бағаларын шығарумен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту инстутытының өкілдері айналысқан. Шара барысында мамандар аталмыш басқармада сауалнама жүргізіп, жауаптар алған. Өткен жылғы барлық құжаттарды зерттеген олар атқарылған істерді 5 бағыт бойынша таразылапты.

Сергей Худяков – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры

-Тексеріс қорытындысына тоқталсақ, шағын және орта бизнес саласындағы сауда-саттық тиісті 100 ұпайдың 67-сін құрап отыр. Анықталған олқылықтарды тез арада жою жұмыстары 48 ұпайға бағаланды. Халықтың көңілінен шығу көрсеткіші 56 ұпай. Осылардың барлығын қорыта келгенде, сарапшылар аталмыш органның жұмысын 62,5 ұпаймен бағалады.

Жоба жетекшілері жақсы деген нәтиже шамамен 80 ұпайды құрау керек, дегенмен бұл көрсеткіш те жаман емес дейді. Ендігі жерде олар қалған үш өңірдегі таңдалып алынған мемлекеттік органдардың жұмыстарын таразыламақ. Қызылордада денсаулық сақтау, Шығыс Қазақстан өңірінде ақпараттық технологиялар, Маңғыстауда бағалау шаралары білім саласында жүргізілетін болады. Кейін бұл қорытындылар Президент әкімшілігінің қарауына жіберілмек.

Шаймерденов Самат.