МТРА жаңалықтары

ҚР банк омбудсманы азаматтарды қабылдау өткізді

Ерсерік Сиырбаев – ҚР банк омбудсманы

-Банк ұсынатын қызметтердің барлығы келісім-шартта көрсетіледі. Онда сіз алған несиенің мөлшері жылдық үстеме ақысы, уақтылы төлемеген жағдайда күніне жүретін үстеме ақының қаншалықты екендігі, кері кеткен жәйтта банк тарапынан қолданылатын шаралардың бәрі көрсетілген. Алайда көп жағдайда біз ондайларға мән бере бермейміз. Жапа шегетініміз де осыдан болады.

Тек үстіміздегі айдың өзінде Ерсерік Сиырбаевқа кредиторлық мәселені шешу жөнінен көмек сұраған қазақстандықтардың саны жүзден асыпты. Омбудсман көп жағдайда банк алдында қарыз алушалырдың өздері кінәлі болып жатады,-дейді. Оның бәрі бұқараның қаржылық тұрғыдағы сауастысзыдығынан туындайтын екен.

Ерсерік Сиырбаев – ҚР банк омбудсманы

-Тұтынушы әрдайым дұрыс деген түсінік қалыптасқан халық арасында. Ол дұрыс емес. Сіз банктен қарыз алдыңыз ба, оны белгіленген кесте бойынша төлеп жабуыңыз керек. Оны өтемеген жағдайда банк қарызыңызды кешіруге міндетті емес, сесебі олардың айналымға шығарып отырғандары да мемлекеттің қаржысы. Қомақты сома алмас бұрын оны жан-жақты есептеп, банк менеджерлдерімен кеңескен жөн. Қарыз алуға қатысты келісім-шартты да қол қоймас бұрын мұқият оқып шығу керек.

Банк омбудсманының қабылдауына келгендердің бірі Гүлнар Сейтімбетова. Ол 2006 жылы ипотекаға алған баспанасын доллармен рәсімдеген. 8 жылда өтеген қарызы 2,5 миллион. Ал девалвациядан кейінгі есеп бойынша негізгі берешегі тек 60 мың теңгеге ғана жабылғаны белгілі болыпты.

Банк омбудсманының қабылдауына келген солтүстікқазақстандықтардың саны төртеу. Олардың әрқайсысының мәселесінен құлағдар болған Ерсерік Сиырбаев сұрақтардың ешқайсысы жауапсыз қалмайтындығын атап көрсетті.

 

Шаймерденов Самат.