МТРА жаңалықтары

Инновациялық автобус Петропавлда

Инновациялық бизнес-жоспар байқауын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырып отыр. Ең бірінші болып олар теріскейге ат басын бұрған. Аталмыш шараға өңірімізден 30 жоба ұсынылып отыр. Солардың бірі «Ақылды үйдің» макетін ұсынып отырған Алексей Михайлов. Бұл баспана электр энергиясын үнемдеу мақсатында жасалған. Ол орнатылған арнайы құрылғылардың арқасында үйде жарық не электр құрылғысы сөндірілмей қалса, соларды өшіріп отыруға қауқарлы болмақ.

Алексей Михайлов- өнертапқыш, Петропавл гуманитарлы- техникалық колледжінің ұстазы

-Бұл үйдің тағы бір артықлышығы, оның әр бөлмесі зауытта жиналады. Әрине бар қондырғылар толық жөнделеді. Ол үйді тұрғызарда оңай болмақ. Кейін әр бөлмені тек орнатылған фундаментке қана бекіту керек болады. Ол қуат көзін оңтүстік өңір болса күннен, ал біздің аймақта желден ала алады.

Ал мына жоба Болашақтың компьютері деп аталады. Ол принтер, сканер, компьютер және көшіріп шығару қондырғыларынан құрастырылған. М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттері оны 2 жұма ішінде жасаған екен.

Нұрлан Тұрсынов- М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті

-Ол үйде және кеңселерде қолдануға ыңғайлы болмақ. Өйткені онда қағазды басып шығаруға көшірмесін қоуға қажетті барлық құралдар орнатылған. Бір жерде отырып-ақ барлық операцияларды жасауға болады.

Аталмыш шараға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылар мен студенттері де 15- тен астам жоба ұысыныпты, Олардың арасында ерекше көзге түсетіндері ол дәрілік препараттар. Өңірімізде өсетін шөптерден жасалынған. Жалпы аталмыш республикалық байқау халық ішінен тың идеялар іздеп табу мақсатында ұйымдастырылған. 10 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатқан аталмыш жоба еліміздің барлық аймақтарын аралап ұшқыр деген жұмыстарды таңдап алады. Жеңімпаз 7,5 млн теңге грант иегері атанбақ.

Артем Возжаев- «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ департаментінің басқарушы директоры

-Біз өтініштерді 1 тамызға дейін қабылдаймыз. Өңірлерді аралағанда өз жұмыстарын тапсырып үлгермегендер. Кейін біздің сайтқа не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп өтініш тапсыра алады. Қазіргі күні инновациясыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан тың идеялары бар азаматтар оларды осы байқауда көрсетуі тиіс.

Осыдан кейін инновациялық автобус Көкшетау қаласына аттанбақ.

Магжан Ахмадина.