МТРА жаңалықтары

Алаяқтар Есіл ауданында тұратын зейнеткердің 1 млн теңгесін ұрлаған

Данияр Ғалиақпаров-СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі

-Как показывают материалы уголовных дел, люди уже слышали о подобных преступлениях, и все же доверяют мошенникам, потому что мошенники в своих просьбах убедительны и настойчивы.

Қызылжар ауданындағы Петерфельд ауылының тұрғынына аляқтар асқан сыпайылық танытып, оның сеніміне кіріп алған. Сөйтіп, алдап-арбап, нәзік жандының 40 мың теңгесін алып кетіпті. Ауыл тұрғыны бұл ақшаны отынға жинаған екен.

Аляқтар ұрлық жасаудың ең қарапайым тәсілдерін қолданған. Олар өздерін электржабдықтау жүйесінің мамандарымыз деп таныстырып, жарық үшін қажетінен асырып төлепсіз, артылған ақшаны қайтаруға келдік деп сендіреді. Сөйтіп, оларға үлкен купюра ұсынып, қалғанын қайтаруды сұрайды. Осылайша үй иелерінің ақшаны қайда тыққанын біледі. Бұдан кейін, құжаттарды толтырып жатқанда алаяқтың бірі тығылған ақшаны қолды етеді. Сезіктілер осындай жолмен тағы бір зейнеткерді құрығына түсірген екен. Есіл ауданының 75 жастағы қариясы осыған дейін жиған-терген 1 млн теңгесінен айырылып қалыпты.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары алаяқтарды іздестіруде.

 

Ахметова Бану.