Спорт

БАҚ өкілдерінің дәстүрлі спартакиадасы өтті

Ербол Айбасов – МТРА видеомонтажеры
-Үстел теннисіне қатысқан әріптестерімнің дайындық деңгейі жоғары. Алғашқы барлық кездесулерімді жеңіспен аяқтай алдым. Дегенмен, соңғы кездесуде жеңіліске ұшырадым. Өзім жаман ойын көрсеттім деп айта алмаймын, тек сәл шеберлік жетпеді.

Осылайша үстел теннисінен 3 орынды меншікті тілшілер, 2 орынды “Первый северный” арнасы еншілесе, “Қазақстан Петропавл” арнасының бейнемонтажері үздік атанды.

Түс ауа БАҚ өкілдері тоғызқұмалақ, шахмат және волейбол ойындарынан тартысқа түсті. Арнамыздың ойыншылары ширек финалда “Қазақстан Петропавл” арнасының қызметкерлерімен кездесті. Бұл ойында облыстық арнаның командасы жеңіс төрінен көрінді. Десе де, волейбол ойындарының қорытындысы бойынша аудандық команда ойыншылары бәрінен басым түсіп, бірінші орынға қол жеткізді.

Ал жеңіл атлетикадан өткен жарыстарда Муниципалдық телеарна тілшісі Ольга Загоруйко жүлдегерлер қатарынан көріне алды. Әріптесіміз ұзындыққа секіруден бірінші және жүгіруден екінші орынға тұрақтады.

 

 

Журналистердің арасында ұйымдастырылған спартакиадаға “Алина” сұлулық салондарын жабдықтау орталығы мен “Қазмикрофинанс” микрокредиттік ұйымы демеушілік жасаған.

Шарапиден Әлжанов – “КМФ” микрокредиттік ұйымының СҚФ директоры
-Біздің ұйым әрқашан да түрлі сала қызметкерлері арасында өтіп тұратын сайыстарға демеушілік жасайды. Сондықтан, журналистер арасындағы спартакиадаға қолдау көрсетуді де жөн санадық.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша “Қазақстан Петропавл” құрамасы жеңіске жетті. Екінші орыннан “Аудандық құрама” қызметкерлері көрінсе, үздік үштікті “Первый северный” телеарнасы тұйықтады. 1,2,3 орындарды еншілеген командалар 80, 60, 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды. Сондай-ақ жекелей сында жеңімпаз атанған сайыскерлер де медаль және грамоталармен марапатталды.

Бақыт Сәдуақасов.