Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тағайындау

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

 

-Қайырғали Исенеев қызмет жолын 90 жылдары бастады. 1992 жылдан 2000 жылға дейін дәрігер, қалалық, облыстық сантитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. Осыған дейін Қайырғали Исенеев ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

 

Облыс әкімі өңіріміздің құрылыс басқармасының басшысын да тағайындады. Енді бұл қызметті қарағандылық Ратмир Ахметов атқаратын болады. Бұған дейін ол Көлік және Коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің құрылыс басқармасының басшысы, экспулатация басқармасының сарапшысы болып еңбек еткен. Сонымен қатар жиында облысымыздың 5 айдағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қортындылары талқыланды. Жалпы көлем индексі мен өнеркәсіптік өнім көлемі Ақжар, Жамбыл, Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарында төмендеп кеткен. Сондықтан, облыс әкімі бірқатар ведомство басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, ең бастысы әлеуметтіук- экономикалық көрсеткіштердің деңгейін түсіріп алмау қажеттігін ескертті.

Магжан Ахмадина.