МТРА жаңалықтары

22 маусым – аза тұту күні

Василий Турашев – ҰОС ардагері.
– 1941 жылы 22 маусымда колхозда сенбілік болған. Шөп дайындау науқаны басталған уақыт еді. Ауа райы жақсы, күннің көзі күлімдеп, қыздар тырмауышпен жұмыс істеп, ән айтып жүрген болатын. Кенеттен түскі ас алдында хат тасушы келіп соғыстың басталғанын айтты. Еңбекке жарамдыларын майданға алып кетті. Ал қалғандары тылда қалды.

Сөйтіп, жауды жеңуге майдан даласындағылармен қатарларысып, тылда жүрген отандастарымыз да үлестерін молынан қосты. Жасы 18-ге толмаған жеткіншектер, ауылдағы қарттар мен қыз-келіншектер Жеңіс күнін жақындату үшін ерінбей еңбек еткен.

Тілек Әбдрахманов – еңбек ардагері.
– Бұл ҰОС-ғы біздің халыққа үлкен қасірет әкелді. Күтпеген, ешқашан ойламаған қасірет. Бірақта, кеңес үкіметінің ұйымшылдығымен, халықтың достығының арқасында, халықтың білімділігінң арқасында 1945 жылы 9 мамыр жеңіп шығып міне бүгінгі күнге жеттік.

Жеңіс үшін қасық қаны қалғанша күрескен, сол жолда опат болған боздақтардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімі Ерік Сұлтановта қатысты.

Жарты әлемнің халқын жер жастандырған ең сұрапыл соғыс өзінен кейін адамзаттың бақыты – бейбітшілік екенін дәлелдейтін сабақ қалдырған еді.

Гауһар Темірбаева – қалалық білім бөлімінің әдіскері.

 

-Бұл ҰОС-ғы жер бетіндегі ең қасіретті, ең сұрапыл соғыс деп есептеледі. Бұнда қаталдық бір нәсілдің жер бетіндегі басқа адамзаттарға өзінің артықшылдығын көрсетіп, жер бетіндегі адамзатты құртып жіберу мақсаты негізінен. Бірақ, әр уақытта да жақсылық еш уақытта да жеңілмейді.

Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен зұлматтың бетін бері қайтарып, ордалы жыланның ұясын ортасына түсірген ерлер елдің егемендігін сақтап қалды. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Лайым, елі үшін отқа түсер ерлеріміз аман болсын деп тілейік.

Стежер.