Бизнес және экономика

Инновациялық бизнес-жобалар байқауы

 

 

«Nif$50K» инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы біздің елде 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталмыш жоба қазақстандық жас ғалымдар мен өнертапқыштардың жаңа идеяларын қолдап, оларға болашақта демеу беруге бағытталған.

 

Асқар Қабікенов, СҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі:

-Сарапшылар мен шығармашылық топ Петропавлға 24-ші маусымда арнайы “Инновациялық автобус”-пен келеді. Көліктің іші 3Д-принтер, 3Д-сканері бар мобильді техно-зертханамен жабдықталған. Меймандар соның көмегімен тұрғындардың өтініштерін қабылдап, өнертабыстарын сол арадан кетпей көре алады.

 

Өткен жылы “Ниф фифти кей” инновациялық бизнес-жоспарлар байқауына 300-ден астам қазақстандық қатысқан. Онда 1,2,3-ші орындарға жалпы 11 млн. тг-ні құрайтын жүлде қоры тігілген.

 

Асқар Қабікенов, СҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі:

-Өткен жылы ақшалай сыйақыға ие болған өнертапқыштар электр энергиясын тұтынбайтын су көтергіш құрал, масадан қорғайтын терезе қабатын ойлап тапқан. Биыл енді осыған ұқсас жобалар есепке алынбайды. Өтініштерді қабылдау мерзімі ел бойынша 1 тамызға дейін жалғасады. Биыл да жүлделі орындарға іліккендер үшін жалпы сомасы 11 млн тг шамасында сыйақы  тағайындалып отыр.

 

Үміткерлердің өтініштері технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің   nif50k 2014@mail.ru электронды мекен-жайы арқылы қабылданады. Немесе сіз ол жайлы толығырақ ақпаратты Абай, 80 А мекен-жайында орналасқан “ДАМУ” кәсіпкерлікті дамыту қорына келіп біле аласыз.

 

Берік Қасен