Құқық қорғау органдары

1 центнерден астам есірткі өртелді

 

 

Ағымдағы жылы СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында жалпы көлемі – 145 келі есірткі затын тәркілесе, оның 2 кг-нан астамы героин. Мамыр айында ең ірі көлемде 102 кг марихуана затын сатпақ болған петропавлдық ұсталды. Қазір ол азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Енді ол 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал бүгін тәркілегенген есірткі заттарын арнайы мамандар қазандықта көзін жойды. Бұл жүздеген адамның өмірі сақталды деген сөз.

Акцияны ұйымдастыруға мұрындық болған Солтүстік Қазақстан облысының жастар бастамалары орталығы. Олар жастарға есірткінің зардабын түсіндіру тұрғысында түрлі шаралар өткізіп отырады.

Акцияға жиналғандарға мектеп оқушылары ән айтып, билерін ұсынды. Жастар жағы есірткінің адам денсаулығына зияны мен кері әсері барын жақсы түсінеді.

 

-Мұндай шаралар қаламызда жиі өтіп тұрса жақсы болар еді. Сонда ғана жастар есірткінің қаупі жайында көбірек біледі.

– Есірткінің зардабы жайында көп естіп жүрмін. Сондықтан да бұл кеселден бойымызды аулақ ұстау керек.

 

Осындай іс-шараларды ЕБҚКБ қызметкерлері дәстүрге айналдырамыз деп отыр.

 

Бақыт Сәдуақасов