Әр түрлі

Мұсылмандар діни басқармасының ақпараттық-насихат тобы

 

 

Ақпараттық үгіт-насихат тобы облыстың Тайынша, Уәлиханов, Ақжар және Айыртау аудандарын аралаған. Жамиғатпен кездесіп, ислам дініндегі әбу-ханифа масхабының құндылықтарын насихаттаған. Сонымен қатар, топ өкілдері теріс пиғылды ағымдар мен олардың кесірі жайлы баяндап жүр. Сектаның сойылын соғып, теріс ағымды уағыздаушылардың жетегінде кететіндер, өкінішке қарай, жоқ емес. Көбіне арам пиғылдылар буыны бекіп, ойлары қалыптаса қоймаған жастардың ой-өрісін улап жатыр. Әсіресе, соңғы кездері еліміздің кей аймақтарында діни экстремизм мен лаңкестік фактілері тіркелуде.

 

Бауыржан Отарбаев, «Әбу-Бәкір Сыддық» медресесінің директоры, Павлодар қаласы:

– Батыс Қазақстанда адамдар теріс пиғылды ағымдарға түсіп, Сирия, Ауғанстанға жихат жасауға кетіп жатыр.

Бір қуантарлық жайт, Солтүстік Қазақстан өңірінде экстремизм мен терроризм, жат ағымды насихаттаушылардың бас көтеру фактілері тіркелмеген дейді мамандар. Десе де, алдын алу шараларын үнемі өткізіп отыру керек.

 

Бауыржан Отарбаев, «Әбу-Бәкір Сыддық» медресесінің директоры, Павлодар қаласы:

-Сіздердің өңірлеріңізде әзірше мұндай фактілер тіркелмеген. Имамдарды тыңдайды екен.

 

Жалпы еліміз бойынша мұндай 30 ақпараттық үгіт-насихат тобы жұмыс істеуде. 

Мағжан Ахмадина