Әр түрлі

Жалақы да, баға да өсті

 

Статистистика департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, өңір тұрғындарының саны үстіміздегі жылдың 1 мамырында 574 мың адамға жеткен. Яғни, жерлестеріміздің қатары 324-ке артқан. Ал бала туу көрсеткіші бойынша өткен жылмен салыстырғанда керісінше, төмендеу байқалған. 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл көрсеткіш 10,8 пайызды құраса, үстіміздегі жылы не бары 1,9 пайыз шамасында. Статистика мамандары солтүстікқазақстандықтардың табыстары шамалы артқанын айтып отыр.

 

Жанар Қызбикенова, СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

-Орташа жалақы мөлшері кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде, 73 мың 264 теңгені құраған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға артық.

 

Десе де, табыстар артқанымен, кей өнім түрлеріне деген бағалардың да өсімі байқалған.

 

Жанар Қызбикенова,СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

-Азық-түлік тауарының бағасы 5,2 пайызға, ал өзгерелерінікі 5,7 пайызға артқан. Ақылы қызмет түрлері 2,5 пайызға қымбаттады.

 

Биыл тұрғын үй салуда өсім байқалған. Яғни, өңірімізде осы уақытқа дейін 19 мың шаршы метр баспана салыныпты. Ол өткен жылмен салыстырғанда 62 пайызға артық. Облысымызға құйылатын инвестиция көлемі де 2013 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен.

 

Мағжан Ахмадина