Мәдениет

Мұражай қоры толықты

 

 

Бұл баға жетпес суреттерді кітапхана мұражайына әкелген журналист Шашубай Малдыбаев. Әкесі Ғалым Малдыбаев кезінде Сәбит Мұқановпен араласып, етене жақын болған екен. Тапсырылған суреттерді зейнеткер отбасылық мұрағаттан алған көрінеді. Бірі – Сәбит Мұқановтың Қызылжар қаласында 1928 жылы мұғалімдік қызметте жүрген кезіндегі түскен суреті болса, екіншісі – Мәскеу қаласында өткен қазақ  өнері мен әдебиетінің онкүндігінде түсірілген сурет. Сондай-ақ мұнда Ғалым Малдыбаевтың Сәбит Мұқановтың “Аққан жұлдыз” романының 2-ші кітабына арнап жазылған диплом жұмысы да бар.

Кітапхана ішіндегі әдеби-мемориалдық мұражайда – Сәбит Мұқановтың қазақ және орыс ақын жазушыларымен түскен суреті, жазушының тұрған үйінің макеті мен шығармалары жайғастырылған. Мұражайдың тұсауы 1980 жылы кесіліпті. Ал бүгін сыйға тартылған 2 сурет пен дипломдық жұмыс мұражайдың көркін одан бетер аша түспек.

Сондай-ақ жерлес жазушының құрметіне орай жыл сайын облысымызда Сәбит Мұқанов оқулары өтіп тұрады.

 

Бақыт Сәдуақасов