Білім

Үміткерлердң төрттен бірі “Алтын белгіні” алады

 

 

Жақында Мадина Мұхамеджанова үшін үлкен білім сынағы аяқталды. Маусымның 4-і күні тест тапсырған түлек 111 ұпай жинап, “Алтын белгісін” ақтап шықты. Жауапты науқанға ол 9 сыныпта оқып жүрген кезінен-ақ даярлықты бастаған. 5-ші пән ретінде географияны таңдапты, өйткені Мадинаның аталған пәнге бала кезінен қызығушылығы оянған.

Мадинаның сыныптасы Алина Садуова да “Алтын белгіні” ақтады. Бойжеткен сынақта 109 ұпай жинаған. Оқушы білім ошағында өтіп тұратын олимпиадаларды қалт жібермей, белсенді қатысып отырыпты. әсіресе математика, физика, геометрия пәндері жанына жақын болған екен. Алина болашақта инженер болуды армандайды.

Биыл облысымызда “Алтын белгіге” үміткер 128 оқушы болса, соның 32-сі өздерінің білімдерін дәлелдеп шыққан екен.

Бақыт Сәдуақасов