Балалар

Солтүстік Қазақстан облыстық “Жас Отан” жастар қанаты республикада ең үздік атанды

 

12-ші есептік конференцияда бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Сөйтіп, облысымызда 2014 жылдың 6 айында жасотандықтар мен еріктілер топтары “Жастар отанға”, “Қолжетімді баспана-2020”, “Дипломмен – ауылға” және тағы басқа жобалар аясында түрлі шаралар өткізген. Сонымен қатар жастарға арнап далада дене шынықтырумен айналысу үшін стрит воркаутқа арналған алаң жасалып, жаңа спорттық секциялар ашылды.

 

Нұрлан Сыздықов, “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы:

-Осы сынды көптеген шараларды ұйымдастырып, белсенділік танытқан жергілікті “Жас Отан” жастар қанатының филиалы республика бойынша бірінші орыннан көрінді. СҚО-ның жастары өте белсенді, талапты және білімді.

 

Осы конференцияда “Нұр Отан ” партиясының “Жас отан” жастар қанатының жаңа атқарушы хатшысы да сайланды. Бұл қызметке жастар Азамат Шәймерденов лайық деп тапты.

 

Азамат Шәймерденов, “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы:

-Мені бүгін жаңа қызметке тағайындады. Бұл жұмысқа толықтай берілемін. Бұл менің міндетім. Біз жастар, облысымыздың дәрежесін жақсарту үшін өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

 

Болашақта жасотандықтар өз қатарластарын жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, бос уақыттарын тиімді өткізу және білім мәселелеріне басымдық беруді көздеп отыр.

 

Сағыныш Марқашева