Балалар

Петропавлда студенттердің құрылыс отрядтары іске кірісті

 

 

Облыс орталығында бой көтеріп жатқан химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысына ел қазынасынан бөлінген қаржы 3,5 миллиард теңге. Бас жоспарда 720 орынға шақталған білім ошағында 68 оқу сыныптары мен 120 орынға шақталған жатақханасы болуы керек. Жаңа мектеп 2012 жылы қолданысқа берілуі тиіс-тін, алайда техникалық ақауларға байланысты оның тапсырылу мерзімі шегеріліп, биылдың тамызына белгіленді. Уақыт тығыз, сондықтан құрылыс қарқынын арттыру тұрғысында нысанға жергілікті студенттерден жасақталған құрылыс отряды тартылып отыр. Олардың алғашқы жұмыс күні салтанатты жиыннан басталды.

 

Владимир Бубенко, СҚО әкімінің орынбасары:

-Сіздер үшін бұл маңызды сәт. Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша салынып жатқан мектептің құрылысының аяқталуына атсалысқалы тұрсыздар. Ертеңгі күні әрқайссың білім ошағының қолданысқа енгізілуіне қосқан тамшыдай болсын үлестеріңіздің бар екендіктерін мақтанышпен еске алатындарыңызға сенім мол. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

 

Ардагер құрылысшылар студенттердің жұмыстарына сәттілік тілеп, заманауи білім ошағының өскелең ұрпақ үшін қаншалықты қажет екендіктерін атап көрсетті. Өз кезегінде сөз алған жастар артылған міндеттерді абыроймен атқаруға әзір екендіктерін жеткізді.

Бүгінде құрылыс алаңында 250-ге жуық адам еңбек етуде. Қазіргі күні негізгі жұмыстардың 70 пайызға жуығы еңсерілген. Нысанды белгіленген межеде тапсыру үшін қосымша жұмыс күші артықтық етпейді дейді мамандар.

Ендігі жерде «Назарбаев зияткерлік мектебінің» құрылысына облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті өз үлестерін қоспақ. Солардың бірі – Петропавл құрылыс колледжінің 2-курс студенті Дастан Қайыржан.

Өңіріміздегі ең беделді оқу орны үстіміздегі жылдың тамызында қолданысқа енгізілуі керек. Құрылысшылар жүктелген міндетті жоспарға сай орындап, білім ошағын білгіленген межеде іске қосамыз деп отыр.

 

Самат Есмағи