Спорт

Футболдан қала кубогы

 

Футболдан қалалық ашық біріншілікте әуесқой ойыншылардан барлығы 16 команда ойын көрсетпек. Салтанатты ашылу рәсімінен соң, алаңда ақ түсті формадағы “Спартак” және жасыл түсті жейдеде “Динамо” құрамасының ойыншылары кездесті. Алғашқы тайм басталысымен, екі жақтың аяқдоп шеберлері шабуылға көшті. Сөйтіп, ойынның 10-шы минутында “Динамо” шабуылдаушысы қарсыластың қақпасына бір гол соқты.

Рустам Бейжанов, төреші:

-Алғашқы тайм қызықты сәттерге толы болды. Бұл екі команда өткен жылдары өздерінің мықтылықтарын көрсеткен еді. Әзірге алғашқы тайм нәтижесі бойынша “Динамо” командасы алда келеді.

 

2-ші таймда да екі жақ қақпаға бірнеше мәрте ауыр соққылар жасады, дегенмен, қос қақпашы есепті теңестіруге де, еселеуге де мүмкіндік бермеді. Тек 2-ші таймның ортасында ғана”Спартак” командасының аяқдоп шебері алғашқы голдарын соғып, есепті теңестірді.

 

Жанат Мұхамедгалеев, Петропавл қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы:

-Бүгін әуесқой ойыншылар арасында футболдан ашық чемпионат басталды. 16 команданың мүшелері әр салада еңбек етуде. Өткен жылы бұл сайысқа 15 команда қатысқан еді. Биыл ойыншылардың қатары артты.

 

Айта кеткен жөн, былтыр футболдан өткен қалалық ашық біріншілікте “Динамо” ойыншылары жеңімпаз атанған. Биылғы жарыс жеңімпаздары қазан айында белгілі болмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов