Білім

Әскери институт өз түлектерімен қоштасты

 

Қаз-қатар тізілген мына курсанттар осы күнді 4 жыл күтті. Сайдың тасындай іріктелегн сарбаздар бүгін офицер погонын тағынып, әскери қызметкер атанады. Қазақстан, Қырғыстан мен Тәжікстаннан келген 257 курсант ҚР Ұлттық Гвардиясының Әскери институтының 14-ші түлектер легі. Осынау салтанатты күнмен оларды облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтап өтті.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Петропавл әскери институты елімізге әскери кадрлар даярлайтын бірден бір ЖОО. Бүгін бітіріп жатқан түлектер жақсы маман болып, өздеріне жүктелген зор сенімді ақтайды деген сенімдеміз.

 

Әскери институттың 6 курсантына «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі табысталды. Ал Сержан Рахимов үздік түлек ретінде офицерлік погондарын 4 шілдеде Елбасы Н.Назарбаевтың қолынан алмақ. Жас офицер өзіне осындай зор сенім артып, жақсы білім берген ұстаздарына алғыс білдіруде.

 

Сержан Рахимов, ҚР ҰГ Әскери институтының түлегі:

-Мен осы жерде оқығаныма қуаныштымын. Өзімнің офицерлеріме, командирлеріме алғыс айтқым келеді. Өйткені олар маған таудай білім берді. Келекшекте антыма адал қызмет етіп, үміттерін ақтаймын деген сенімдемін.

 

Ресми бөлім аяқталған соң, сардарлар жиналғандарға өз өнерлерін көрсетті.

Осынау салтанатты күні бауыр еті баласының өнерін тамашалап, қуанышын бөлісуге ата-аналар да көптеп жиылыпты.

 

– Бүгін балам 4 жыл оқып, осы оқу орнын тәмамдап жтыр. Өте қуаныштымыз. Барлық командир, офицерлерге алғыс айтамыз.

– Отан алдындағы борышын аман-есен атқарып, бүгін міне оқу орнын бітіріп жатыр. Өте қуаныштымыз.

 

Жиын офицерлер вальсімен аяқталды.

Мағжан Ахмадина