Спорт

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс басталды

 

4 күнге жалғасатын дүбірлі дода – көкпар, теңге алу, аударыспақ, жорға жарыс, аламан бәйге, құнан бәйге секілді қазақтың ұлттық ойындарының 8 түрі бойынша өтпек. Бұл жарысқа өңір шабандоздары мен атбегілері өз сәйгүліктерін баптап әкелген. Барлығы 9 команда. Әр топта 10-нан астам ойыншы. Бүгін олар көкпар, аударыспақ пен теңге алудан бақтарын сынауда. Қазір алаң төрінде қызыл түсті киімде Ғ. Мүсірепов ауданы мен ақшыл көк түсте ақжарлықтар тартысқа түсуде. 40 минутқа жалғасқан ойыншылар сайысында Ақжар ауданы қазандыққа ешкіні 7 рет салып, жеңіске жетті.

 

Өңірімізде ат спортына қызығушылық танытушылардың қатары жылдан жылға артып келеді. Серкені тақымына салып, аттың үстінде шапшаңдық танытқандардың үздіктері де анықталып жатты сайыс кезінде.

Кейін шабандоздар теңге алудан мықтылықтарын көрсетті. Сәйгүліктер жарысында жеңімпаз атанған қатысушыларға диплом мен кубок табыс етілмек. Ал ұлттық ойындардың 2-ші кезеңі маусымның 27 мен 29 күндері Ақжар ауданында өтеді деп жоспарланған. Онда сайыскерлер қазақ күресі,     тоғызмұлақтан тартысқа түспек.

 

Бақыт Сәдуақасов