Құқық қорғау органдары

Ішкі Істер департаментінің мұражайында жаңа бұрыш ашылды

 

Полиция полковнигі Қобылан Хамзинге арналып экспозициялық бұрыштың маңына туғандары, нағашы жұрты мен үзеңгілес әріптестері жағалай жиналып тұр. Ерен істерімен   бірегей тұлға ретінде танымал болған азаматтың артында 5 ұл мен қызы қалған. Оның үшеуі әкесінің жолын қуып, ішкі істер органдарында қызмет етіп жүр.

 

Замандастары оны әділ, заңды құрметтейін азамат болған еді дейді. Күрделі деген қылмыстарды ашу жағынан оған тең келер адам болмаған деседі.

Қобылан Хамзин зейнет жасына шыққанда қазақ, орыс тілдерінде 14 кітап жазған. Алғашқы туындыларын түгелімен туыстарына арнаса, кейінгілерінде қызметтес, үзеңгілес достары жайлы жазып кеткен.

1955 жылы еңбек жолын ішкі істер органдарында жедел уәкіл міндетінен бастаған Қобылан Хамзин 27 жылдың ішінде облыстық ІІБ-сы бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Тек 1982 жылы қатты сырқаттанып, өз еркімен сол қызметінен кетуіне тура келіпті. Десе де, көзі тірісінде Отанына қалтқысыз адалдығы мен кіршіксіз қызметі үшін “Қызыл жұлдыз” ордені, “ІІМ еңбек сіңірген қызметкер” төсбелгісімен марапатталған. Көзі тірі болса биыл атамыз 79 жасқа толар еді.

 

Берік Қасен