Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір басшысы Петропавлдағы мәдениет және спорт нысандарын аралады

 

Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы мәдени нысандардың жәй-күйімен танысуды “Абылай хан” резиденциясынан бастады. Мұражай мәдени мұраны жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 2007 жылы қолданысқа енгізілген болатын. Бүгінде ұлы қолбасшының тарихынан сыр тарқатар 4 зал жұмыс істеп тұр.

Нысанның жалпы аумағы 1158 шаршы метрді құраса, оның 500 шаршы метріне экспозициялық зал орналасқан. Нысан жұмысы басталғалы онда 208 экскурсия ұйымдастырылып, 7 мыңнан астам адам тарихи жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне ие болыпты. Бұдан соң облыс әкімі Н.Погодин атындағы орыс драма театрына бас сұқты. Бүгінде өнер ошағының көрермендер залы күрделі жөндеуді қажет етеді екен. Оған қажетті сомада есептелініп қойыпты.

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы да өңір жетекшісінің назарынан тыс қалмады. Ол 1963 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде 15 мыңға жуық жас оқырмандары бар. Ал С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана болса халыққа 1934 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі күні оқырмандарға арналған 14 бөлім бар. Соның бірі сирек кездесетін кітаптар мұражайы. Мұндағы ең көне кітапқа 350 жыл болған.

Осы күні өңір басшысы облыс орталығындағы тарихи-өлкетану мұражайын да аралап көрді. Бүгінде онда 13 зал жұмыс істеп тұр. Жәдігерлердің бәрі өңіріміздегі жер қойнауларынан табылса, енді бірін жергілікті тұрғындар өткізіпті.

Ерік Сұлтанов сондай-ақ қуыршақ театры, муниципалдық телеарнаның да тыныс тіршілігімен танасып өтті. Арна директоры Евгений Сазанов аймақ жетекшісін бағдарламалар шығарылымынан құлағдар етті. Бұдан соң Ерік Хамзаұлы бейнелеу өнері мұражайыда да болды. Мұнда әзірге шешімін күткен мәселе жоқ көрінеді. “Метро” ойын-сауық орталығында өңір басшысын облыстың бас архитекторы жаңа кейіпке енетін мәдени ошақтың сызбаларымен таныстырды.

Ерік Сұлтанов бұл жер, қаланың көрікті тұстарының біріне айналуы тиістігін атап көрсетті жауапты тұлғаларға. Облыс әкімі өңірдің мәдени ошақтарынан бөлек, қаладағы бірқатар спорттық нысандардың да жәй-күйімен танысып шықты.

 

Самат Есмағи