Құқық қорғау органдары

Айыбыңды төле де, алаңсыз өмір сүр

 

Мына ер адам осыған дейін 8 рет жолда жүру ережесін бұзған. Тәртіп сақшылары оған әкімшілік айыппұл да салған. Бірақ қала тұрғыны борышын өтеуге асықпаған. Ал, берешегі болса, 60 мың теңгеге жетіп қалыпты. Сондықтан да осы жолы жүргізуші тоқтатылып, көліктің артындағы тіркемесімен алып бара жатқан тауары айыппұл тұрағына қойылды.

 

Евгений Кашмульдинов:

-Жол қозғалысы ережелері бойынша айыппұлыңызды неге төлемейсіз?

-Уақытым болмады, қалада болған жоқпын, бүгін ғана келдім, қазір төлеймін, 64 мың

 

Петропавлда берешегі бар Евгений сияқты азаматтардың саны 8 мыңнан асады. Жолда жүру ережесін сақтамаған көлік тізгініндегілер мен жаяу жүргіншілер салынған айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген көрінеді. Сондықтан да тәртіп сақшылары мен сот орындаушылары әкімшілік шараларды қолданып, қарызгерлердің мүлкін тәркілеуге мәжбүр.

Бір күннің ішінде әкімшілік полиция қызметкерлері 50 автокөлік тексерген. Нәтижесінде екі темір тұлпар айыппұл тұрағына қойылды. Тәртіп сақшылары мұндай бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда. Сондықтан полицейлер хаттама толтырылғаннан кейін 40 тәуліктен соң қарызды өтеу керектігін ескертеді.

 

Бану Ахметова