Балалар

Жастарды еңбекпен қамту

 

Осыдан бес жыл бұрын елімізде “Жастар кадрлық резерві” жобасы қолға алынған болатын. Осы уақыт ішінде жобаға 7000 жас жүгініп, оның 340-ы тұрақты табыс көзімен қамтылыпты. Бұл орта арнайы және жоғары білімі бар жастарға арналған жоба. Оған қатысуға ниет танытқан әр үміткер алдымен www. Rezerv. Kz сайтына тіркеуге тұруы тиіс. Кейін орталықтағылар кадрлық резервке кіруге үміткерлерді іріктеуден өткізеді. Үздік ретінде таңдалғандары 1 аптаға Президент жанындағы республикалық басқару академиясына оқуға жіберіледі. Және «Нұр Отанның» партиялық менеджмент мектебінде де білім алады.

 

Азамат Шәймерденов, “Жас Отан” жастар қанатының СҚОФ атқарушы хатшысы:

-Семинарда “Жастар кадрлық резерві” партиялық жобасының жұмысы жайында тыңдаушыларға ақпарат бердік. Бұл жобаға 25 пен 35 аралығындағы азаматтар қатыса алады. Осы арқылы біздер талпынысы жоғары мамандарды жұмысқа тұрғызып, олардың кәсіби тұрғыда өсуіне жағдай жасаймыз.

 

Бүгінгі таңда оқу бітірген жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Осы тақырыпта ойларымен бөліскен жиынға қатысушылар жастар жоғарғы оқу орнында игерген мамандығына сәйкес жұмысқа орналасуы тиіс дегенді тілге тиек етті. Уәлиханов ауданының жастар бастамалары орталығы өткізіліп отырған семинар жастарды қолдап, оларға көмек беруде үлкен рөл атқарады – дейді.

Жиында құжатпен жұмыс істеу, “Жасыл ел” бағдарламасы мен жастар бастамалары орталығының тіршілігі жайлы айтылды. Айта кету керек, осы жазда “Жасыл ел” бағдарламасы арқылы 300 жас жұмысқа тұрмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов