Қоғам

Облыс орталығында жаңа Достық үйі пайда болады

 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан этносаралық бірліктің өзіндік моделін қалыптастырды. Егемен елімізде тұратын халықтардың сапалы өмір кешіп, өз тілін, дінін сақтауға жағдай жасады.

 

Наиль Салимов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Соңғы жылдары қоғамды демократияландыру өңірімізде тұратын халықтардың тілі мен мәдениетінің дамуына жағдай жасаған. Ол Қазақстандағы этностардың бірлігін нығайтып, тұтастығын сақтауға септесуде. Мемлекетттік саясат тұрғындардың барлық мүдделерін құқықтық-саяси тұрғыда қамтамасыз етеді.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ассамблеяның рөлі туралы айта отыра, этносаралық саланы дамытудың стартегиялық жоспарын 10 жылға бұрын жазып қойды. Ұлт көшбасшысы халықтың ауызбіршілігі қоғамдық келісімде деп отыр. Нақ осы тұжырымдар ассамблеяның 2020 жылға дейінгі концепциясының негізгіне алынған. Наиль Салимов журналистермен ассамблеяның 21-ші сессиясындағы алған әсерлерімен бөлісті.

 

Наиль Салимов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Біздің облыстан сессияға 15 адам барды. Онда жұмысымызға қажетті көптеген пайдалы ақпарат алдық. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болды. Осы датаға орай Елбасы ауқымды жұмыстарды жасауды жүктеді. Ондай шаралар әрбір ауыл, аудан, облыс, қалада өтуі қажет. Өйткені бүгіндері еліміздегі келісім, ұлтаралық татулық өзге мемлекеттерге үлгі боп отыр.

 

Ежелден аймағымыз көпұлтты өңір болып саналады. Бүгіндері теріскейде 89 этнос өкілдері тату тәтті тұрмыс кешуде.

 

Мағжан Ахмадина