Салық басқармасы

Көтерме және бөлшек сауда салық төлеушілері бақылау-кассалық машинаны қолдануға міндетті

 

1 шілдеден бастап көтерме және бөлшек саудада алкоголь, жанар май сататын орындар өз қызметтерінде бақылау-кассалық машиналарын қолданып, чек беруге міндеттеледі. Бизнес иелері арнайы құрылғыны бақылау-кассалық аппаратқа қызмет көрсету орталығында сатып ала алады.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Бақылау-касса машинасы жалпы қолданыстағы телекоммуникациялық желілер бойынша салық қызметі органына оперативті режимде ақшалай есептесу туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.

 

Жаңа талапқа сәйкес ендігі ретте есеп айыру кезінде – тауар үшін алынған қолма-қол ақша сомасы салық төлемдеріне енгізіліп, бірден орталық арқылы тіркеуге алынады.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Бақылау-кассалық машина мәліметтері онлайн режимде фискалды мәліметтер операторының серверіне жолданады, онда қалыптастырылған бақылау түбіртегіне бірегей нөмірі иелендіріледі. Бақылау-кассалық машина бірегей нөмір түскеннен кейін бақылау түбіртегі жазылынып шығады және сатып алушыға беріледі.

 

Жаңа ережені сақтамағандарды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 215 бабы бойынша жауапкершілікке тарту қарастырылған. Осылайша, аталған жүйе арқылы елімізде көлеңкелі айналымды азайту міндеті тұр.

 

Бақыт Сәдуақасов