Денсаулық сақтау

Ана мен бала денсаулығы күзетінде

 

№ 3 қалалық ауруханаға қарасты гинекология бөлімінде емделушілерге жедел және жоспарлы түрде ота жасалып, көмек көрсетіледі. Мұндағы науқастардың дені жыныстық мүшелері қабынған немесе қиын босанған және бала көтере алмай, ем-дом қабылдауға келген жандар. Бұл бөлімшеде оларға көрсетілетін барлық оталар заманауи технологиялардың көмегімен іске асуда.

 

Василий Чесноков, гинекология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер:

-Емханада науқастарға ота жасау және дәрімен емдеу жүргізіледі. Бөлімше гинекологиялық емге қажетті жаңа техникамен қамтамасыз етілген. Соның арқасында оталардың 60 пайызын лапороскопиялық әдіспен орындаймыз. Түрлі патология бойынша – жатырдың миомасы, аналық без өскіні, аналық бездің склеро және поликистозы, қынап қабырғасы мен жатырдың төмен түсуі бойынша пластикалық операциялар қарастырылған. Отаның барлығы жылдам, әрі сапалы жасалады.

 

Емдеу мекемесіндегі гинекология бөлімшесі 40 орынға шақталған. Қазір мұнда 56 маман еңбек етуде. Қызметкерлердің ішінде 9-ы жоғары санатты, 22-сі орта, қалған 16-ы кіші санаттағы дәрігерлер. Бөлімшеде емделушілердің бірі – қала тұрғыны Надежда Сверблянская.

 

Надежда Сверблянская, емделуші:

Маған гинекология бөлімшесінде ота жасады. Дәрігерлер операцияның сәтті өткендігін жеткізді. Барлығына алғысымды білдіремін.

 

Шілде айында гинекология бөлімшесіне ота жасауға арналған тағы екі шетелдік қондырғы жеткізілмек.

 

Бақыт Сәдуақасов