Энергетика

Жылу желілерінің 70 пайызы тозған

Өткен жылы “Петропавл жылу желілері” серіктестігі өз меншігіндегі жылу желілерінің 8 шақырымға жуық құбырларын жаңаға алмастырған. Себебі бүгінгі таңда олардың 70 пайызға жуығының тозығы жетіпті.

 

Александр Попов, “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженерінің орынбасары:

1 мамырдан жөндеу жұмыстарына кірістік. Қазіргі күні құбыр алмастыру жұмыстары Алтынсарин, Рига, Ярослав Гашек, Хименко мен Семашко көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатыр. Олардың бәрі қыста кететін шығын құнын азайтуға, әрі қалаға белгіленген нормада жылу беру үшін қажет.

 

Қазіргі күні жылу құбырларын алмастыру жұмыстары Мир көшесінің бойындағы Хименко мен Семашко көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатыр.

 

Александр Попов, “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженерінің орынбасары:

-Бұл жерде қазір диаметрі 500 миллиметр болатын құбыр алмастырылуда. Жалпы ұзындығы 600 метр шамасында. Бүгінге дейін оның 150 метріндегі жұмыстарды аяқтадық. Жоспар бойынша желідегі жұмыстар осы айдың 27-де тәмамдалуы тиіс. Аталмыш желі қаланың осы бөлігін жылумен қамтамасыз ететін негізгі күре тамырлардың бірі.

 

Облыс орталығындағы жылу құбырларының ескіргендігі соншалық, өткен қыста 474 апаттық жағдай орын алған. Бұл көрсеткіш 2012-2013 жылғы жылыту маусымының сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есеге көп.

 

Самат Есмағи