Қоғам

Тұтынушылар құқығын қорғау жүйесіне өзгерістер енгізіледі

 

 

Ең алдымен кездесуге жиналғандар арнайы көрмені тамашалады. Мұнда санитарлық-гигиеналық, радиология және аса қауіпті бөлім мамандарының қорғаныш киімдері қойылыпты. Төтенше жағдайларда қолданылатын құралдар мен зертхана заттары да ұсынылған. Кейін залға жиналғандар тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің 2014-2015 жылдарға арналған кешенді жұмыс жоспарын талқылады. Ол негізгі 4 бағыттан тұрады.

 

Айжан Есмағанбетова, ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры:

– Бірінші бағыты – тұтынушылар құқығын қорғау, санитарлық- эпидемиологиялық жағдайды қадағалау, үшіншіден төтенше жағдай туа қалған бетте, жылдам әрекет ету, және соңғысы ол жергілікті органдардың уақытылы жұмыс жасай білуін қамтамасыз ету болып табылады.

 

Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің өкілдері көп ұзамай санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларға арналған рұқсат құжаттарының санын төрттен бірге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Сондықтан болар, жаңа заңда тұтынушылардың ескерілмеген құқығын қорғаудан бұрын заңбұзушылықтардың алдын алу шараларын өткізу көзделген.

 

Ержан Жүнісов, ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры:

– Бұл заң жобасын әзірлеу үшін шетелдіктердің тәжірибесін оқып, зерттеудеміз. Жаңа заңда шағымдарды қабылдау тәртібіне дейін барлығы қарастырылатын болды.

 

Тұтынушылар құқығын қорғау заңнамасына енгізілетін өзгерістер отандастарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық жүйені құруды да көздейді. Ол келетін шағымдарды есепке алып, арыз-өтініштерді саралап отыруға мүмкіндік береді.

 

Мағжан Ахмадина